Салалас құрмалас сөйлем қазақша реферат

Салалас құрмалас сөйлем

Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы салалас құрмалас сөйлем жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өз ара бір-бірімен тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін дейміз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен бағынбай, тең дәрежеде байланысып, баяндауыштары тиянақты тұлғада келетіндіктен, ол жай сөйлемдерді жеке-жеке де колдануға болады.

Мысалы, Салық қырман басына келіп, Жүзбай карттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп-тепшіп отыр еді, водовозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді (Ш. Мұртаза) деген құрмаластың екі жай сөйлемін бөлек-бөлек айтуға болады: Салық қырман басына келіп, Жүзбай қарттың үйінен шай ішіп қызара бөртіп, терлеп-тепшіп отыр еді. Сөйлемді осы баяндауышпен аяқтап, бітіруге болады, өйткені баяндауышы отыр еді тиянақты тұлғада қолданылған. Салаластың екінші сыңары да өз алдына жеке сөйлем бола алады: Водобозбен салып ұрып Саша Гармош деген комбаиншы жетіп келді.
Салалас құрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдер өзара бір-бірімен екі түрлі жолмен байланысады:
1) интонация арқылы мағыналарының жақындығына қарай іргелес байланысады. Мысалы, Сырбайдың қыш кесектен соққан үш бөлмелі үйі бар екен, соның біреуі қонақ жайына арналған екен (С. Мұқанов). Малдары не күн көретінін білмейміп, қора маңында бір шошактан артық шөп көрінбейді (Мұстафин). Алғашкы мысалда кұрмаластың құрамындағы бірінші жай сөйлем жалпылық мәнде қолданылып, екінші жай сөйлем ол ойды нақтылап тұр: бірінші жай сөйлемде Сырбайдын үш бөлмелі үйі бар екені жайында болса, екінші жай сөйлемде сол үш бөлменің біреуі қонақ жайына арналғаны айтылып тұр. Екінші мысалда бірінші жай сойлем мен екінші жай сөйлем бір-бірімен мағыналық жағынан себеп-салдарлык, қатынаста жұмсалған: құрмаластың құрамындағы екінші жай сөйлем бірінші жай сөйлемде айтылған ойдың себебін білдіріп тұр. Сөйтіп, іргелес келген екі я одан да көп жай сөйлем бір-бірімен өз ара белгілі мағыналық қатынаста айтылады да, әрқайсысының баяндауыштары тиянақты тұлғада келсе де, бірінші жай сөйлем аяқталған тұста дауыс ырғағы бәсеңдеп бітіп қалмай, көтеріңкі қалыпта айтылады да, интонация тиянақсыз болады, одан кейін кідіріс (пауза) жасалып, екінші жай сөйлеммен ұласа байланысып тұрады;
2) салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өз ара жалғаулык, шылаулар арқылы да байланысады. Жай сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынасқа қарай оларды байланыстыратын мынадай жалғаулық шылауларды көрсетуге болады: 1) Ыңгайлас мәнді да, де, та, те, әрі, және, мен жалғаулык шылаулар; 2) Қарсылық мәнді бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар; 3) себеп-салдар мәнді өйткені, себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар; 4) талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, яки болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар; 5) кезектес мәнді кейде, бірде, біресе тәрізді жалғаулық шылаулар. Мысалы: Қазір тұрыңдар деген белгі берілді де, дос-жарандарым түгел түрегелді (Б. Бұлқышев). Адам даусы екені анық, бірақ не айтып жатқанын айыру мүмкін емес (0. Сәрсенбаев). Дәметкеннің жүрегі бұл кезде ерекше тулап кетті, өйткені, оның ойынша, осы тоқтаған тракторда немерес Күлжан болуға тиіс. (С. Мұқанов).
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен өзара белгілі мағыналық қарым-қатынаста айтылады. Араларында мағыналық қарым-қатынас болмаса, жай сөйлемдер бір-бірімен кұрмаласпас та еді. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық қатынасы әр түрлі болады. Бірде екі жай сөйлемдегі ой мезгілдес, ыңғайлас болып, белгілі ортақ касиеттері арқылы құрмаласса, енді бірде бір жай сөйлем білдіретін ойға екінші сөйлемдегі ой қарама-қарсы мәнде айтыла-ды. Келесі бірде жай сөйлемнің бірі екіншісіндегі берілген ойдың болу себебін не салдарын білдіреді, енді бірде бірі екіншіде айтылған ойдың мазмұнын аша түседі, басқа бірде екі сөйлем білдіретін ойдың біреуі ғана жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіреді, енді бірде жай сөйлемдер білдіретін ой кезектесіп жүзеге асатындығы байқалады. Міне құрамына енген жай сөйлемдердің өз ара бір-бірімен осы сияқты мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынандай алты түрге бөлінеді: ыңғайлас салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, іліктес салалас, талғаулы салалас және кезектес салалас.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>





Қазақша энциклопедия сайтына өз мағлұматтарын қолдануға рұқсат еткені үшін рахмет

Рефераты на русском