Қызығулар мен бейімділік қазақша реферат
Декабрь 21, 2011 · Психология

Қызығулар мен бейімділік. Қызығу – жеке тұлғаның қоршаған ортаны танып білуге ұмтылуы және сонымен қанағаттануы. Бейімділік – өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін адамның нақты бір әрекет жасауы.

Оқушылардың бойында тұрақты қызығуларды қалыптастыру және дамыту – ең маңызды мұғалімнің мақсаты, өйткені қызығулар себептер мен қатар оқу әрекетінде басты себептер болып саналады.

Мұғалімнің қызығуы мен бейімділігі өз пәні бойынша балалардың бойында да сол пәнге деген қызығуды дамытып отырады. Оқушының бойында қызығуын дамыту үшін оны нақты оқу әрекетіне қатыстырып теориялық білімді пайдалануды көрсетіп отырған жөн, өзінің сол білімін пайдаланып отырса, оқушы қызығып істе өз беделін көтере түседі, ал керісінше қиын орындай алмайтын тапсырмалар, төмен баға оқушыда қызығуын сөндіріп әлсіздетеді.

Сондыктан төмен оқитын оқушыға мұғалім көмек беріп, мадақтап, кішкене болса да оның жетістіктерін көріп, жоғары бағалап отырғаны жөн, өйткені оқу ісіндегі жетістіктер, жақсы бағалар баланы алға қарай жетелеп отырады, ол өз күшіне сеніп одан да жоғары биіктерге жетемін деп қанаттанады.

Мұғалім үшін өте маңызды нәрсенің бірі – баланың қызығуларын анықтап отыру, сонда ғана жеке оқушы мен жұмыс істеуге, бағыт-бағдар беріп дамытуға мүмкіндік туады.

Осы нәрселерді толық атқару жолында, бірінші – жақсы, тиімді және үйлесімді қатынас жасап оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жеке тұлға ретінде танып білетіні және адам бойында анықтайтыны – оның қабілеті, мінез ерекшеліктері мен темперамент қасиеттері.

Тағы рефераттар


Оставить комментарий к реферату